Жолдау жауапкершілік жүктейді

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебініде Елбасының биылғы Жолдауын талқылау белсенді жүргізілді.

Алдымен мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшелері және тарих пәні мұғалімдері Жолдауды өзара талқылады. Кейін тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен әр бірлестікте Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін ұйымдастыру туралы отырыстар өтті.

Мектеп директоры Тимур Нұркешов биылғы Жолдау педагогтерге үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізді. Жолдаудағы жетінші міндетті жүзеге асыру бойынша Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату, педагог кадрлердің біліктілігін арттыру, оқушылардың ғылыми-зертеу әлеуетін көтеру жұмыстарын одан әрі белсенді жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ талқылауда сөз алған педагогтар адами капиталдың сапасын арттыруға мектептегі білім сапасы, ресурстармен қамтамасыз ету, оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылу сапасы айрықша әсер ететінін айтты. Сонымен қатар тәжірибе тарату барысында үздік видеосабақтар дайындау үдерісін жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

Орал Жолдау (3) Орал Жолдау (2) Орал Жолдау (1)