Жаңартылған білім беру мазмұны

Мектебімізде орта білім беру саласының көшбасшыларына және мектеп директорларына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» таырыбында семинар өтті.

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен, Назарбаев зияткерлік мектебінің әдістемелік қолдауымен өткен шарада қазіргі білім беру саласының өзекті мәселелері және алда атқарылатын міндеттер талқыланды.
Негізінен алғанда, мектептердің қарқынды дамуы, білім берудегі мәселелердің шешу жолдарын тиімді ұйымдастыру жергілікті биліктің қолдауына тәуелді. Бұл күнгі семинардың ерекшелігі – аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысып, қазіргі білім жүйесінің өзекті мәселерін және жаңалықтарды, оқыту әдістері мен тәселдерінің қаншалықты өзгергенін көруге мүмкіндік алуы. Семинар қатысушылары екі бағытқа бөлінді. Аудан әкімдерінің орынбасарлары мен аудандық білім беру бөлімінің басшыларына арналған секцияда “NIS-Program бағдарламасына сәйкес оқытуды ұйымдастыру”, “Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері”, “Критериалды бағалауды енгізу”, “НЗМ тәжірибесінің жалпы орта білім беретін мектептерге таралуы”, “НЗМ-дегі тәрбие жүйесі” тақырыптары сөз етілсе, мектеп директорлары үшін “Жетекші мектептердің жұмыс жүйесі” баяндалып, “Бағалау – оқытудың ажырамас бөлігі”, “Мектептегі көшбасшылық”, “Дизайн ойлау технологиясын енгізу”, “Сабақтау бағалаудың жүзеге асуы” тақырыптарында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Кейін барлық қатысушылар ашық сабақтарға қатысып, теорияның практикада қалай жүзеге асып жатқанын бақылады.

IMG_5795       IMG_7691

IMG_5795       IMG_7807