Ынтымағы нығайып, достықты ту еткен

Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектебіміз бен облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың оқушылары мен ата-аналары арасында «Достық» және «Ынтымақ» спартакиадалары өтті.

Оқушылар арасындағы «Достық» спартакиадасы екі күнге созылды.  Спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, үстел теннисі түрлері бойынша өткен сайыста жалпыкомандалық есепте облыстық “Білім-Инновация” мектеп-лицейі 3-орын, С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені 2-орын, Назарбаев зияткерлік мектебі жүлделі 1-орынға ие болды.

IMG_8067-min IMG_8095-min
Сонымен қатар, жекелеген спорт түрлері бойынша оқушылар төмендегідей нəтижеге қол жеткізді. Шахматтан НЗМ оқушысы Дастан Бегалиев бірінші, Рустам Əлімқұлов екінші, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Ғазиз Еркебұлан үшінші орын алды. Тоғызқұмалақта НЗМ оқушысы Бекарыс Жортабаев бірінші, БИЛ оқушысы Архат Аманжолов екінші, НЗМ оқушысы Мирлан Тналиев үшінші орынға қол жеткізді. Асық атудан 1-орын БИЛ, 2-орын №11 мектепке, 3-орын ОДБАММИ-ге бұйырды. Үстел теннисінде №11мектеп оқушысы Санжар Жұбанов бірінші, БИЛ оқушысы Əлихан Изгалиев екінші, НЗМ оқушысы Бақдаулет Закиров үшінші орынға табан тіреді. Шағын футболда жеңісті орындарды НЗМ, БИЛ жəне №11 мектеп өзара бөлісті. Баскетбол бойынша үздік үштік қатарына №11 мектеп, НЗМ жəне тағы да БИЛ командасы енді. Волейбол ойынында М.Өтемісұлы атындағы облыстық мектеп-интернаты бірінші, №11 мектеп екінші, НЗМ үшінші орыннан көрінді.

IMG_8099-min IMG_8114-min

IMG_8131-min IMG_8152-min

IMG_8159-min IMG_8470-min

 

Ал ата-аналар арасындағы «Ынтымақ» спартакиадасының ашылуына  облыс əкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұлов, облыстық білім басқармасының басшысы Ш. Қадырова қатысты. Салтанатты ашылуда сөз алған Ғабидолла Абдоллаұлы спортпен айналысуды кеңінен насихаттайтын, халықтың денсаулығын нығайтуды көздейтін, адамдардың өзара достығына оң əсер етіп, өскелең ұрпақты тəрбиелеуде үлгі болатын мұндай шаралардың өткізілуі орынды екенін атап өтті. Қатысушыларға сəттілік тілей отырып, ел болашағын жарқын болуына бағытталған Елбасы бағдарламаларын жүзеге асыруда əрқашан бірлесе қызмет етуге шақырды.

IMG_8780 IMG_8781

Бұл күні спартакиада қатысушылары спорттың шахмат, үстел теннисі жəне волейбол түрлері бойынша сайысқа түсті. Нəтижесінде жалпыкомандалық есепте Білім-Инновация лицейі бірінші, НЗМ ата-аналары екінші жəне №11 мектеп-лицейі үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ №8 мектеп-лицейінің ата-аналары “Жеңіске деген жігері үшін” аталымында марапатталды.

Барлық қатысушылар облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

IMG_8877 IMG_8865

Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Тимур Нұркешовтың айтуынша, спартакиада салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұлт қалыптастыру, оқушыларды спорттық үйірмелерге ынталандыру, қызығушылықтарын ояту, облыс мектептері арасында ынтымақтастықты нығайту, достық қарым-қатынас орнату, мектеп пен ата-ана байланысын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын табады.

IMG_8830 IMG_8807 IMG_8932

Орал қ. НЗМ баспасөз қызметі