READx ұсынады

Зияткерлік мектептер желісіндегі қызықты жобаның бірі – READx.

Бұл жобада әр адам өзі оқыған кітап туралы ойымен бөлісіп, көпшіліктің алдында сөз сөйлейді. Мүмкіндігінше оқыған кітабына өзгелерден қызығушылығын тудыруға тырысады. Әрбір адам оқыған кітабы жайлы айтып болған соң, жиналғандар оны оқитынын немесе оқымайтынын дауысқа салады.

IMG_6412 IMG_6418
Жобаның бұл жолғы шарасында 11-сынып оқушысы Әзиз Талапов Теодор Драйзердің “Финансист” кітабы туралы баяндаса, информатика пәні мұғалімі Қанатбек Сауғабеков Артур Конан Дойлдың “Шерлок Холмсы” хақында ой өрбітті. Одан әрі гегография пәні мұғалімі Нұрбол Молдағалиев тыңдаушыларды Әбдіжәміл Нұрпейісовтың “Қан мен терін” және Бауыржан Момышұлының “Москва үшін шайқас” кітаптарын оқуға шақырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсел Жақыпжанова Қалмақан Әбідақадыровтың “Қажымұқан” кітабы туралы айтып, көпшіліктің осы кітапқа деген қызығушылығын оята білді. Сондай-ақ Әсел Серікқызы Генри Марштың “Не навреди” деп аталатын кітабы жайлы да ойымен бөлісті. Шараны 11-сынып оқушысы Әлихан Шарипов қорытындылап, өзі оқыған Сергей Лукьяненконың “Рыцари сорока остравов” кітабына тоқталды. Әлихан Шариповтың ойынша әр адамның оқуға қызығушылығын арттыра түсетін бір кітап болады. Әлиханға оқуға шабыт берген аталмыш автордың осы кітабы екен.

IMG_6451 IMG_6439