Орал қаласындағы НЗМ Халықаралық мектептер кеңесі аккредитациясына үміткер

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Халықаралық мектептер кеңесінің» аккредитациясынан өтуді бастады.

Қазіргі таңда мектебімізге әлемнің әр елінен аталмыш ұйымның он өкілі келді. Енді апта бойы ұйым өкілдері ошағымыздағы білім беру жүйесінің Халықаралық мектептер кеңесінің 7 стандартына сәйкестегіне, яғни «Мектепті басқару ережелері», «Оқыту және оқу», «Басқару және көшбасшылық», «Қызметкер», «Оқыту мен оқуға қолжетімділік», «Мектеп мәдениеті және оқу барысындағы серіктестік», «Ресурспен қамтамасыз ету» бойынша бақылау және бағалау жүргізеді.

1 2 3

Айта кетейік, Халықаралық мектептер кеңесі – мектептерді аккредитациялау және оқытудың озық әдістерін әзірлеумен айналысатын халықаралық білім беру жүйесіндегі ұйым. Оның құрамы дүниежүзінің 116 еліндегі 733 мектеп пен 580 колледжді қамтиды. Аталмыш қауымдастықтың аккредитациясын алу халықаралық білім берудегі көптеген іс-шараларға, түлектер үшін алдыңғы қатарлы оқу орындарына, мұғалімдердің түрлі кәсіби байқауларға, конференцияларға еркін қатысуына, түрлі білім ресурстарына, халықаралық ұйымдармен серіктестікке жол ашады. Сонымен қатар білім беру процесінде аталмыш ұйым әрдайым қолдау мен кеңес беріп отырады.

Аталмыш аккредитациясының шешімі шамамен екі айдан белгілі болады.

4 5

6 7

8