Тілдік құзырет бәсекеге қабілеттілікті арттырады

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытудағы тілдің ролі» тақырыбында ІІ аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Оған облысымыздағы жалпы орта білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік колледждердің, жоғары оқу орындарының және Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогтары қатысты. Қазіргі таңда білім беру саласында үш тілді оқыту процесі басталғандықтан, аталмыш конференция әдістемелік тұрғыдан педагогтардың сұранысына […]


Бас жүлде – Әдиде!

Шымкент қаласында өткен І Халықаралық “Ұлы дала дарыны” өнер және білім байқауынан 7-сынып оқушысы Әди Зайтқалиев олжалы оралды. Он түрлі өнер-білім саласы бойынша сынға түскен оқушылар арасынан Әдидің жұмыстары “Қолөнер және бейнелеу өнері” бағыты бойынша үздік деп танылып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ол бұл байқауға патриоттық бағыттағы қыштан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынған. Айта кетейік, бұған […]


READx ұсынады

Зияткерлік мектептер желісіндегі қызықты жобаның бірі – READx. Бұл жобада әр адам өзі оқыған кітап туралы ойымен бөлісіп, көпшіліктің алдында сөз сөйлейді. Мүмкіндігінше оқыған кітабына өзгелерден қызығушылығын тудыруға тырысады. Әрбір адам оқыған кітабы жайлы айтып болған соң, жиналғандар оны оқитынын немесе оқымайтынын дауысқа салады. Жобаның бұл жолғы шарасында 11-сынып оқушысы Әзиз Талапов Теодор Драйзердің “Финансист” […]


Әдістемелік қолдау жалғасуда

Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы бойынша Назарбаев зияткерлік мектептері өз тәжірибесін тарату жұмыстарын жалғастыра береді. Елбасының биылғы Жолдауында педагог кадрлердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы орайда біздің мектеп педагогтарының жалпы орта білім беретін мектептердегі әріптестеріне оқу-әдістемелік қолдау көрсету жұмыстары жүйелі жолға қойылғанын айтып өткеніміз жөн. Облыстық білім басқармасымен бірлескен жұмыс жоспары аясында кезекті […]


Жолдау жауапкершілік жүктейді

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебініде Елбасының биылғы Жолдауын талқылау белсенді жүргізілді. Алдымен мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшелері және тарих пәні мұғалімдері Жолдауды өзара талқылады. Кейін тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен әр бірлестікте Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін ұйымдастыру туралы отырыстар өтті. Мектеп директоры Тимур Нұркешов биылғы Жолдау педагогтерге үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізді. Жолдаудағы жетінші міндетті жүзеге […]


Көмек бер!

Мектебімізде туа біткен гиперинсулинизм дертіне шалдыққан оралдық кішкентай нәресте Камила Нұғымашеваны қолдауға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.          Бұл акция Шаңырақтар кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылды. Акция аясында оқушылар алдымен Камиланың отбасымен сөйлесіп, оған көмектескілері келетінін айтты. Осы шараны насихаттау үшін оқушылар тыңғылықты дайындалып, мектеп ішінде афишалар ілді, инстаграм арқылы ақпарат таратты. Нәтижесінде жәрмеңкеге атсалысушы адамдар көп болды. […]


Әзиз үздіктер қатарында

Астанада «NURINTECH» республикалық инновациялық жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыруды мақсат еткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам өтініш келіп түскен. Инновациялық жобалар IT, аэроғарыш технологиясы, энергетика және энергияны үнемдеу, химиялық технологиялар, нанотехнология, агроинновация, робототехника, өнеркәсіптік және […]


Франция елшісі зияткерлік мектепте

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне Франция мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ келді. Еліміздегі заманауи білім беру ошағы ретінде Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметіне қызығушылық танытқан елші алдымен мектепті аралап, оқушылардың білім алуына жасалған жағдаймен танысты. Кейін мектеп мұғалімдері мен оқушылары физика, химия және биология пәндері бойынша түрлі эксперименттер мен ғылыми жобаларын көрсетті. «Бір […]


Ұлы даланың ән-күйін ұлықтады

Орал қаласындағы «Asia Mall» сауда-сауық орталығында «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобы өтті. Оны Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай бұл шараны еліміздегі барлық зияткерік мектептер бір уақытта өткізді. Оралдағы флешмобта аталмыш мектептің өнерпаз оқушыларынан құралған «Дарын» ұлт-аспаптар оркестрі Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындаса, «Ғажайып» би ансамблі «Ыңғайтөк», «Мақтаншақ» […]


Зияткерлік мектептердің тәжірибесі бәсекеге қабілеттілікті арттырады

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанында өткен жиында айтылды. Оған облыс әкімі А. Көлгінов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы К.Шәмшидинова және өкілдері, облыстағы білім беру ұйымдарының, ауданық білім беру бөлімдерінің басшылары қатысты. Жиынды ашқан облыс басшысы, заманауи Қазақстанның даму жолында зияткерлік мектептердің үлесі зор екенін және аталмыш мектептердің тәжірибесі көрсеткендей […]