Әдістемелік қолдау жалғасуда

Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы бойынша Назарбаев зияткерлік мектептері өз тәжірибесін тарату жұмыстарын жалғастыра береді.

Елбасының биылғы Жолдауында педагог кадрлердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы орайда біздің мектеп педагогтарының жалпы орта білім беретін мектептердегі әріптестеріне оқу-әдістемелік қолдау көрсету жұмыстары жүйелі жолға қойылғанын айтып өткеніміз жөн. Облыстық білім басқармасымен бірлескен жұмыс жоспары аясында кезекті семинар өтті. Орта мектептердің физика, химия, биология және информатика пәні мұғалімдеріне арналған “Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері” тақырыбындағы семинарда мектеп мұғалімдері пән мен тілді кіріктіріп оқыту және бағдарлы пәндерді оқыту әдістемесімен таныстырды. Алдымен олар шеберлік сағаттарына қатысып, кейін әдіс-тәсілдердің сабақтарда қалай жүзеге асатынын көрді.

IMG_6043 IMG_6032 IMG_6041

IMG_6024 IMG_6006