Даниярдың кезекті жеңісі

Қостанай қаласында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше биыл осы бағыт бойынша олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 602 оқушы қатысқан.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білдімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету,  тұлғалық дамуына ықпал ету, дарынды оқушыларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды залықаралық олимпиадаға қатысуы үшін таңдау жасау және дайындау, Қазақтан Республикасындағы білім беру дәредесін көтеру.

Еліміздің ең мықты білімпаздары жиналған осынау білім бәйгесінде орыс тілі пәні бойынша Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Данияр Арстанов та өз бағын сынап, жүлделі бірінші орынға қол жеткізді. Айта кетейік, Данияр өткен жылы да олимпиада жүлдегері атанған еді.  Даниярды олимпиадаға дайындаған мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Сәуле Әмірқызы.

IMG_9404

Орал қ. НЗМ баспасөз қызметі