Батысқазақстандық оқушылар арасындағы БҰҰ моделі конференциясы

Оралда алғаш рет оқушылар арасында Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі конференциясы өтті.

Оны Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырды. Конференцияға Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектептің, облысымыздағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп-интернат кешені, дарынды балаларға  арналған мамандандырылған №8 облыстық мектеп, Білім-Инновация лицейі,№7 жалпы орта білім беретін мектеп және зияткерлік білім ошағының оқушылары қатысты.

IMG_9728 IMG_9710

Конференцияның мақсаты – әлемдік мәселелерді зерттеу арқылы оқушылардың танымдық дағдысын дамытып, академиялық білімін тереңдету, ынтымақтастық, келіссөздер жүргізу қабілеттеріне, маңызды мәселелерді шешу жолдарын таба білуге баулу. Конференция барысында оқушылар екі топқа бөліп, 24 елдің өкілдері ретінде жұмыс жасады. Олар «Балаламалы энергия көздері» және «Жер бетінен жойылып бара жатқан жануарларды сақтау және қорғау» мәселелерін талқылады. Қатысушылар аталған мәселелерді талқылап қана қоймай, БҰҰ моделінің форматына сәйкес өзара серіктестік құрып, мүдделес мемлекеттер ретінде бірігіп, мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.

IMG_9723 IMG_9720

Конференция ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл форматтағы шаралар оқушыларды қазіргі таңда жастарға қажетті дағдыларды дамытады. Оқушылар ролдік ойын ретінде өтетін бұл конференция барысында жаһандық мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуды көздейді, жұмыстану барысында ізденеді, түрлі дереккөздермен жұмыс жасайды. Бүгінгі конференция ағылшын тілінде өтуде. Бұл өз кезегінде біздің мектеп жасындағы оқушыларымыздың тілдік қабілеті, бәсекелік әлеуеті жоғары екендігін көрсетеді.

IMG_9688 IMG_9705

Ақмоншақ Жұмаева

Орал НЗМ баспасөз хатшысы