Бас жүлде – Әдиде!

Шымкент қаласында өткен І Халықаралық “Ұлы дала дарыны” өнер және білім байқауынан 7-сынып оқушысы Әди Зайтқалиев олжалы оралды.

Он түрлі өнер-білім саласы бойынша сынға түскен оқушылар арасынан Әдидің жұмыстары “Қолөнер және бейнелеу өнері” бағыты бойынша үздік деп танылып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ол бұл байқауға патриоттық бағыттағы қыштан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынған.

Айта кетейік, бұған дейін Әди Зайтқалиев “Менің елім – Мәңгілік ел”, “Қазақстан таланттары” республикалық байқауларында қолөнер аталымы бойынша жүлдегер атанған болатын. Әдиді аталмыш байқауларға баулып, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық өнерді үйретіп, бойына сіңіріп жүрген ұстазы мектебіміздің өнер пәні мұғалімі Нұрбол Әміржанов.
Ұстазымыз бен шәкіртімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

IMG-20180212-WA0011