«Ақ раушан гүлдер» акциясы

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дәстүрлі “Ақ раушан гүлдер” акциясы өтті.

Бұл акцияның мақсаты – мектеп оқушыларын кіші қызметкерлердің еңбегін бағалауға баулу, олардың күнделікті жұмысына құрметпен қарауға тəрбиелеу. Акцияны мектептің «Шаңырақтар кеңесі» ұйымдастырды. Биыл зияткерлер мектеп пен жатақханада қызмет ететін 30 кіші қызметкерге құрмет көрсете отырып, ақ раушан гүлдерін сыйлады. Кейін барлық оқушылар қызметкерлердің орнын алмастырып, мектеп ішінде және жатақханада кешенді тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ бұл күні арнайы куратор сағаты өтіп, оқушыларға аталмыш күннің, жалпы еңбекті бағалаудың қажеттігі туралы тағы бір мəрте айтылды.
Жалпы жыл сайын өтетін бұл акцияны кіші қызметкерлер де асыға күтеді. Бұл күні олардың жүздері ерекше нұрланып, оқушылардың игі істеріне ризашылықтарын білдіреді.

IMG_6960 IMG_6977 IMG_6986